-A A +A

«Әділет кеңес береді» акциясы

2017 жылдың 30 қараша   күні «Нұр Отан» партиясы Байғанин аудандық филиалының қабылдау бөлмесінде  Байғанин аудандық әділет басқармасының басшысы А.Төкенова, басқарманың жетекші маманы Т.Жаулыбаева, жеке нотариус С.Қорбина, Нұр Отан партиясының өкілі Н.Асқарова және аға-сот орындаушы Қ.Ізтұрғанов «Әділет кеңес береді» акция негізінде азаматтарды қабылдады.  Іс-шараның мақсаты халықтың заң сауаттылығын арттыру мен құқықтық көмек көрсету. Акция барысында азаматтарға жылжымайтын мүлікті тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу сұрақтары бойынша кеңестер берілді. 

 

Байғанин аудандық 

Әділет басқармасы