-A A +A

Әділет кеңес береді

        «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ғимаратында, 2017 жылдың 22 қыркүйек күні «Әділет кеңес береді» акциясы өтті. Акция барысында  Ырғыз аудандық әділет басқармасының басшысы Ж.Төрежанұлы,  Ырғыз ауданы «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының өкілі Р.Ұзақбаев, Ырғыз аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы А.Ералин, нотариус Ж.Балданова, Азаматтық хал актілерді тіркеу маманы Д.Жұмахметова, Жер кадастры және Жылжымайтын мүліктітехникалық түгендеу департаментінің Ырғыз бөлімшесінің м.а. А.Дүйсенбай және  Ақтөбе облыстық  кәсіпкерлер палатасының Ырғыз аудандық филиалының  директоры Г.Шамиева,тұрғындарға заңды қызмет көрсету және құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

          Акция  нотариаттық іс-әрекеттер, жылжымайтын мүлікті тіркеу, азаматтық хал актілерін тіркеу, жер, тұрғын үй, құрылыс салу, несие алу, шағын және орта кәсіпкерлікті ашу, тағы да басқа мәселелер бойынша сұрақтар негізінде өрбіді.

        Осы акция аясында жылжымайтын мүлікті тіркеу, алимент өндіру, уақытша тіркеу және  тұрғындарды тоғандырып жүрген  көптеген сұрақтарына толыққанды жауаптарын алды.