-A A +A

Әділет департаментінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті

        Ағымдағы жылдың 15 желтоқсанында Әділет департаментінің мәжіліс залында ҚР Тәуелсіздігі күнін мерекелеуге арналған іс-шара өткізілді. Салтанатты шара еліміздің Гимнімен басталып, Ақтөбе облысы Әділет департаменті басшысы Б.С. Беркімбаев қызметкерлерге арналған құттықтау лебімізімен жалғасын тапты. Аталған шара барасында тәуелсіз мемлекетімізді құру жолындағы тарихи сәттер туралы Департамент басшысының орынбасары Ә.Ә.Тасыбаева, құқықтық түсіндіру және заңгерлік қызмет қөрсету бөлімінің басшысы м.а. Б.К. Ахмедиева баяндап, қазақ елінің құрылу тарихы шежіресіне бейнеролик арқылы көз жүгіртілді. Өздерінің қызметтік міндеттерін тиісті орындағандары үшін Департаменттің бірнеше қызметкерлері ҚР Әділет министрлігінің ведомствалық төсбелгілерімен, ҚР Әділет министрінің мақтау қағазымен марапатталып, қызметекерлерге ҚР Әділет министрінің Алғысы жарияланды. Сонымен қатар, Департаментінің қызметкерлері белсенді қызметінде қатысканы үшін "Қазақстандық заңгерлер одағы" мақтау қағаздарымен және естелік кітап марапатталды. Салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

 

  Әділет департаментінің

ұйымдастыру -талдау

жұмысы бөлімі