-A A +A

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы Хромтау аудандық сотымен бірге дөңгелек үстел

2017 жылдың 17 тамызында Хромтау аудандық сотымен аудандық тарихи - өлкетану мұражайы ғимаратында  Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты  мақаласын талқылау мақсатында  «Рухани жаңғыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға аудандық сот төрағасы А.Балмұханов, судьялар Е.Жеткерген, С.Жумашкина, аудандық прокуратурасының прокуроры А.Махмудов, Хромтау аудандық әділет басқармасы басшысының м.а. З.Даутова, аудандық мұрағат меңгерушісі А.Бектүрғанова, «Хромтау» газетінің тілшісі Б.Қаметияқызы, аудандық кітапханысының қызметкерлері З.Алтаева, Т.Жиенбаева, А.Иссалиева және аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі қатысты.
Қатысушылар қоғамдық жаңарудың негізі болып келетін жобаның міндеттері мен мақсаттарын талқылады.
Бүгінгі күннің өзектісі, Елбасының мақаласындағы қоғамдық-саяси және мәдени-этикалық негіздерді жетілдіру тұрғысынан бірқатар нақты шаралардан тұратынын өз алғысөзінде сот төрағасы А.Балмұханов атап өтті.
Кездесу барысында аудандық соттың судьясы Е.Жеткерген «Рухани даму – мықты мемлекет құрудың кепілі» тақырыбында баяндама оқыды. Судья баяндамада болашақта дамудың мықты діңгегі – білім екенін нақтылап өтті. Елбасымыздың сөзімен айтқанда, «білімнің жоғары деңгейінің арқасында мамандықты жоғары білімді адам ғана өзгерте алады және табысты өмір сүре алады». Сонымен қатар, судья ұлттық құндылық, тіл мен дәстүр, мәдениет арқылы жас ұрпақтың сана-сезімін жаңғыртудың маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, қатысушылар қазақ тілінің мәртебесін дамыту  үшін бағдарламалар мен іс шаралар ұйымдастыру және латын тіліне көшу туралы мәселелерді талқылады.
Іс-шара соңында, дөңгелек үстелге қатысушылар айтылған ұсыныстар мен бастамаларға қолдау көрсетіп, орындауға кірісетіндерін жеткізді.
 
Хромтау аудандық Әділет басқармасы