-A A +A

Азаматтардың назарына!

Қала тұрғындарының назарына, 22.12.2017 ж. 11.00-де  Ақтөбе облысы Әділет департаментінің ғимаратында «Әділет кеңес береді» акциясының ұйымдастырылғандығын жеткіземіз. Аталған акция сондай-ақ, «Instagram»  әлеуметтік  желісіндегі «@Zello.aktobe» аккаунты арқылы көрсетілетіндігін хабарлаймыз. Аталған акцияға «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ, «Ақтөбе қ. жер қатынастары» ММ қызметкерлері, «Денсаулық сақтау басқармасы» ММ қызметкерлері, сот орындаушысы, нотариус, адвокат, жылжымайтын мүлікке құқықтарды  тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу және т.б. қатысады.

         Акцияға қатысуға тілек білдірген азаматтарға мазалап жүрген сұрақтар бойынша жауап алу үшін Ақтөбе облысы, Абай даңғылы, 17 мекен-жайына хабарласуға немесе әлеуметтік желі арқылы сауалдарыңызды қоюға болады.