-A A +A

«Азаматтарды қабылдау»

    20.06.2017 жылы Қарғалы аудандық Әділет басқармасы, «Нұр Отан» демократиялық партиясымен бірігіп «Азаматтарды қабылдау» жүргізді. Мерекелік іс – шараға Қарғалы аудандық Әділет басқармасының басшысы А.Н.Мұхамбеталин, жеке нотариус Е.А.Айтпаев, адвокат Б.З.Тастемиров, Жылжымайтын мүлік орталығының филиал жетекшісі К.З.Бакитжанов қатысты. Мерекелік іс – шара барысында 13 – азаматтарға құқықтық кеңестер берілді. Өтініш білдірген ауыл тұрғындары көбінесе меншік иесі, мүлікті мұраға қалдыру және тағы басқа қойылған сұрақтарына нақты жауаптар берілді. Әділет басқармасының басшысы қатысушыларға Әділет органдарының негізгі жұмыс жасау бағыттары және функционалдық қызметтері мен тапсырмаларын атап өтті.

   Сонымен қатар мектеп оқушылары арасында «Шапағат» республикалық форумының «Болашақ сенің қолында; жаса және өнерле» конкурсының өткізілетіндігі туралы хабарланды.  «Азаматтарды қабылдау» іс – шараларын ұйымдастырушылар тарапынан көп көңіл бөлінгендері сыбайластыққа қарсы іс – әрекет ету мен қатардағы азаматтардың Республикамыздағы заңдылықтарды сақтау мәселелері жарықтандырылды.

Қарғалы аудандық Әділет басқармасы