-A A +A

«Ашық есік күні» акциясы

    2017 жылдың желтоқсан айының 14 жұлдызында Хромтау аудандық Әділет басқармасының басшысы А.О.Мұхамеджановамен  халыққа құқықтық көмек көрсету мақсатында тегін кеңес беру акциясы  «Ашық есік күні» өткізілді.

   Акцияның негiзгi мақсаты тұрғындарға тегін заң кеңестері мен түсініктемелер беру болып табылады. Аталған іс-шараның аясында көмекке жүгінген барлық азаматтарға құқықтық көмек көрсетілді.

   Акция кезінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бойынша көкейдегі жүрген сұрақтарына қанағаттанарлық жауаптар мен құқықтық кеңестер берілді. 

 

Хромтау аудандық

Әділет басқармасы