-A A +A

АШЫҚ ЕСІК

Ағымдағы  жылдың  24  күні  қарша  айында   «Нұр Отан» партиясының ғимаратында Қобда аудандық әділет басқармасының  басшысы А. Досжанова , «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының басшысының бірінші орынбасары  Б. Курманиязов пен бірге тұрғындарға құқықтық көмек көрсету мақсатында  «Әділет кеңес береді»   акциясы өткізілді.  Осы акция барысында 8 - азаматқа құқықтық көмек көрсетілді. Оның ішінде азамат  Ерболюков Н., жеке   «Монша»  салынғаннан кейін, қандай құжаттар керек екендігі туралы сұрақтарға  тиісті және толық жауабын алып, ризашылығын білдірді.