-A A +A

Ақтөбе облысының Әділет департаменті қызметкерлерімен Конституция күніне орай буклеттер таратылды

Ақтөбе облысының Әділет департаментімен Қазақстан республикасының Конституциясы күнін мерекелеу қарсаңында Ақтөбе қаласының тұрғындарын құқықтық ағартуға бағытталған акция өткізілді. Осылайша, Департаменттің бастамашылық тобымен Абай даңғылындағы гүлзарда қала тұрғындары арасында Республикамыздың ата Заңы туралы буклеттер таратылды, сонымен қатар, оның негізгі нормалары түсіндірілді.