-A A +A

Ақтөбе облысындағы «Заңмен байланысқан балаларға әлеуметтік қолдау аймағын құру»

         2017 жылдың 14 тамыз айында «Право» қоғамдық қоры және «Нұр Отан» партиясының көмегімен, «Нұр Отан» партиясының Ақтөбелік облыстық филиалының конференц-залында «Заңмен байланысқан балалардың әлеуметтік қолдау аймағын құру» тақырыбында өңірлік семинар ұйымдастырылып өткізілді. Әділет Департаментінің өкілдері, Ақтөбе қаласының пробация қызметі, Ақтөбе облысының кәмелет жасқа толмағандардың істері бойынша ауданаралық сотының судьялары, ювенальді полиция, білім басқармасы, Ақтөбе қаласының прокуратурасы, әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының өкілдері, Ақтөбе қаласының кәмелет жасқа толмағандардың құқықтарын қорғау істері бойынша комиссия өкілдерімен Сотталушыларды қоғамнан оқшаулаусыз әлеуметсіздендіру мәселелері: әйелдер мен балалар тақырыбында сұрақтар талқыланды.

           Білім және ғылым Министрлігінің өкілдері, «Право» қоғамдық қоры және бас прокуратурасы баяндамамен шығып, «Бала және заң» грантын жүзеге асырудың негізгі бағыттарымен тыңдармандарды таныстырды. Әлеуметтік қауіпсіздікті құрудағы мақсат сот шешімі немесе үкімді шығаруды кейінге қалдыру кезеңінде балаларды сүйемелдеу және әлеуметтік жерде қауіпсіздікті толық қамтамасыз ету, сондай-ақ, олардың қоғамда болуы, отбасылық-тұрмыстық және әлеуметтік мәселелерді шешу, лайықты білім және қолдауды қабылдау.