-A A +A

Ақтөбе облысында нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткерлерді кезекті аттестаттау өткізілді

        2017 жылы қыркүйектің 28-күні Әділет Департаментінің ғимаратында, арнайы жабдықталған кабинетінде, нотариаттық қызметпен айналысу құқығына кезекті аттестаттау өткізілді. Аттестаттаудан өтуге 7 үміткер шақырылды.

        Сондай-ақ, Әділет департаментінің ведомстволық сайтында атестаттауға жіберілген үміткерлердің тізімі, атестаттаудың өткізілу орыны, уақыты және мерзімі туралы ақпарат орналастырылды.

        Әділеттің аттестаттау комиссиясының отырысына 4 үміткер қатысты, белгісіз себептерге байланысты 3 үміткер қатыса алмады. Жалпы аттестаттау өз деңгейнде өтті, ұйымдастыру мен сапасы жағынан сұрақтар мен шағымдар түскен жоқ. 

Құқықтық түсіндіру және халыққа

заңгерлік қызмет көрсету бөлімі