-A A +A

Ақтөбе облысында нотариаттық қызметпен айналысу құқығына кезекті аттестаттау өткізілді

Ағымдағы жылдың 29 маусым айында Аттестаттау  Әділет департаментінің ғимаратында арнайы жабдықталған кабинетінде, нотариаттық қызметпен айналысу құқығына атестаттау өткізілді. Аттестаттаудан өтуге 5 үміткер шақырылды. Отырыстың басталуына дейін үміткерлерге аттестаттау туралы хабарландыру уақыты, күні және орыны туралы пошта арқылы 10-12 күн бұрын  жіберілді.

Сонымен қатар, Әділет департаментінің ведомстволық сайтында атестаттаудың уақыты, күні, жүргізілетін орыны туралы және өткен үміткерлердің тізімі орналастырылды.

Әділеттің аттестаттау комиссиясының отырысында 2 үміткер қатысты, оның ішінде 1 үміткер аттестаттаудан сәтті өтті, 1 өткен жоқ, 2 үміткер белгісіз себепке байланысты келген жоқ, 1 үміткер орынды себепке байланысты (денсаулықтың жай-күйіне байланысты қатыса алмау мүмкінсіздігі) келе алмады.   

Жалпы аттестаттау өз деңгейінде өтті, ұйымдастыру мен сапасы жағынан ешқандай сұрақтар мен шағымдар түскен жоқ.

Ақтөбе облысы Әділет департаментінің

баспасөз қызметі