-A A +A

Ақтөбе облысында адвокаттық қызметпен айналысу құқығына кезекті атесттаттау өткізілді

         2017 жылы қыркүйектің 29-күні Әділет Департаментінің ғимаратында, арнайы жабдықталған кабинетінде, адвокаттық қызметпен айналысу құқығына кезекті аттестаттау өткізілді. Аттестаттаудан өтуге 4 үміткер шақырылды. Отырыстың басталуына дейін үміткерлерге аттестаттау туралы хабарландыру уақыты, күні, жүргізілетін орыны туралы пошта арқылы 10-12 күн бұрын жіберілді.

        Сондай-ақ, Әділет департаментінің ведомстволық сайтында атестаттауға жіберілген үміткерлердің тізімі, атестаттаудың өткізілу орыны, уақыты және мерзімі туралы ақпарат орналастырылды.

        Әділеттің аттестаттау комиссиясының отырысына 4 үміткер қатысты, оның ішінде 3 үміткер аттестатаудан сәтті өтті, 1 үміткер өткен жоқ.  

        Жалпы аттестаттау өз деңгейнде өтті, ұйымдастыру мен сапасы жағынан сұрақтар мен шағымдар түскен жоқ.  

 

Құқықтық түсіндіру және халыққа

заңгерлік қызмет көрсету бөлімі