-A A +A

Ақтөбе облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінде «Біріңғай құқықтық білім күні» аясында дөңгелек үстел өтті

2017 жылдың 8 қарашасында Ақтөбе облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ғимаратында Ақтөбе облысы Әділет департаменті және Ақтөбе облысы бойынша тұтынушылар құқығын қорғау департаментімен бірлесе «Біріңғай құқықтық білім күні» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Ақтөбе облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері, Ақтөбе облысы Әділет департаменті және Ақтөбе облысы бойынша тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің өкілдері қатысты.

Іс-шараның мақсаты – аталған мекеменің қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын және мәдениетін көтеру.

  Дөңгелек үстел барысында, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласы және тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша ақпараттар және мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, қатысушыларға жылжымайтын мүлікті тіркеу саласы бойынша жаңалықтар айтылды.