-A A +A

Ақтөбе облысы Әділет департаментінде "Ашық есік күні" өткізілді

   Ағымдағы жылдың 31-ші қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің №9-3-18/И-628 тапсырмасын орындау үшін, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтарға кеңес және тегін заң көмегін көрсету мақсатында, Ақтөбе облысы Әділет департаменті 08 маусым күні  «Ашық есік күні» атты акциясын өткізді.Осы акцияға жеке нотариус, адвокат, сот орындаушылары, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу, жылжымайтын мүлік құқығы және заңды тұлғалар саласында Әділет департаментінің қызметкерлері қатысты. Кеңес алу үшін шамамен 18-ге  жуық азаматтар жүгініп, оларға құқықтық көмек көрсетілді. Ақтөбе қаласының тұрғындары атқарушылық іс жүргізу; жылжымайтын мүлік құқығының мемлекеттік тіркеуі туралы; азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді;  алимент өндіріп алу саласында және азаматтарды толғандырып жүрген күнделікті өмірдегі көптеген басқа да сұрақтар қойылды.Акция барысында азаматтарға «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы»,  «Дүниежүзілік банк Doing Business» және «Жылжымайтын мүлікті қалай тіркеуге болады?» ақпараттық кітапшалар таратылды. Акция соңында азаматтар мемлекеттік органдардың өкілдеріне өзекті сұрақтарын шешуге көмек бергені үшін алғыстарын білдірді.

Ақтөбе облысы Әділет департаментінің  баспасөз қызметі