-A A +A

Ақтөбе облысы Әділет департаменті және оның құрылымдық бөлімшелері қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша жүргізілген корытынды анықтамасы

      Әділет органдарындағы сыбайлас жемқорлықпен күрестің бірден-бір тиімді жолдарының бірі ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау болып табылады. Оның нәтижесі әділет органдары жүйесіндегі лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлықты тудыратын кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік береді.

       Осыған орай, Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Ережесінің 3 т. 9 т., «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Ережесінің 2 т. 4 т. сәйкес, Ақтөбе облысы Әділет департаменті (одан әрі- Департамент) басшысының 2017 жылғы 26 маусымының №204 бұйрығын орындау мақсатында, ұйымдастыру-талдау жұмысы бөлімімен 2017 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша, Ақтөбе облысы Әділет департаменті және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауы жүргізілді.

       Департаменттің жұмыс тобымен құрылымдық бөлімшелерге сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін (бейтараптау) жою мақсатында жоғары тұрған органға тиісті ұсыныстарды енгізу бойынша ұсыныс берілді.

                                                                                     Ұйымдастыру-талдау жұмысы бөлімі