-A A +A

Ақтөбе облысы бойынша сот сараптамалары институтында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттарымен кездесу болды.

    Ақтөбе облысы бойынша сот сараптамалары институтында (әрі қарай ССИ) ағымды жылдын 11 шілдесінде Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары Г.А.Щегельский, Қ.Ә.Каракен, А.А. Смагуловтын ССИ –ның қызметкерлерімен кездесуі болды.

    Кездесу барысында депутаттар экология және табиғатты ұтымды пайдалану аймағында ҚР Парламент Мәжілісі қызметін айқындап айтып берді. Сол сияқты, депутаттар күшіне енген медициналық сақтандыру заңы бойынша түсінік берді.

    Медициналық сақтандыру тақырыбында ССИ –ның қызметкерлері қызығушылық білдіріп, халық қалаулыларына бірнеше сұрақтар қойды. Сұрақтар негізінен медициналық сақтандыру жеке клиникаларда қолданысы төңірегінде болды, сол сияқты азаматтын жеке басына пайдаланылмай артылған бөлігін, өз балаларына немесе туысқандарына пайдалануға болама деген қызығушылық болды. Сол сияқты кездесу барысында азаматтарға пенсиялық жинақ қоры пенсияға шыққанда төленуі турасында қойылды.

    Қойылған сұрақтарға депутаттар толық және жеткілікті жауап берді.