-A A +A

Ақтөбе қ. лауазымды тұлғалардың кезекті аттестациясы өтті

Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің «Жергілікті атқарушы органдардың нотариаттық іс-әрекеттер жасайтын лауазымды тұлғаларын аттестациялау туралы»  09.03.1998 жылғы № 150 Ережесіне сәйкес, әрбір жылда 2 рет Ақтөбе облысының селолық округтарының әкімдері нотариаттық іс-әрекеттер жасау құқығын алуына аттестациялаудан өтеді.

Ү.ж. 20-21 қарашасында Ақтөбе облысының Әділет департаментімен лауазымды тұлғалардың аттестациясы ұйымдастырылады. Лауазымды тұлғалардың аттестациясы аумақтық аттестациялық комиссиясымен өткізіледі, оның персоналдық құрамы Ақтөбе облысы Әділет департаментінің басшысының бұйрығымен бекітілді.

Аттестация қорытындысы бойынша 86 селолық округ әкімдерінен 78 әкім қатысты. Оның ішінде 38 әкім аттестацияны жақсы тапсырды, 32 әкім аттестацияны ескертулермен тапсырды,  ал 8 аттестациядан өтпей қалды.

 

Ақтөбе облысы Әділет департаментінің  Баспасөз қызметі