-A A +A

АХАЖ ТП ЖТ МАЖ де қайтыс болған адмадарды актуальдандыру

Ақтөбе облысы әділет департаметінің азаматтық хал актілерін тіркеу және апостилдеу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бастамасымен әділет органдарының және соттардың және басада мемлекеттік органдардың өзара қызмет барысында туындайтын сұрақтар бойынша ағымдағы жылдың 24 тамызда  «дөңгелек үстел» өткізілді.
         «Дөңгелек үстел» Ақтөбе қаласы сотының судьялары,  зейнетақы және жәрдем ақы төлеу департаменті, Ішкі Істер департаментінің және көші-қон қызметінің басқармасының және денсаулық сақтау басқармасының  өкілдері қатысуымен өткізілді.
         Кездесу кезінде, қайтыс болған азаматтарды актуальдандыру кезінде туындайтын сұрақтар талқыланды, сонымен қатар, дөңгелек үстел қатысушылары азаматтық хал жағдайының жаңа бағыттарымен таныстырылды.
          Аталған шараның өткізілу мақсаты-мемлекеттік құралдың негізі тетігінің бірі ретінде АХАТ қызметінің тиімділігін арттыру. Себебі бұл адам мен азаматың бостандығының,  конституциялық құқықтардың сақталуының бірден-бір кепілі болып табылады.
 
 
 
Азаматтық хал актілерін тіркеуді
және апостилдеуді бақылау және қамтамасыз ету бөлімі