-A A +A

2018 жылдың 9 қаңтарында Қазақстан Республикасы Мәжілісі Парламентінің депутаттарымен кездесу

        2018 жылдың 9 қаңтарында Қазақстан Республикасы Мәжілісі Парламентінің депутаттары К.А.Қаракен, Г.А.Щегельский және Д.М.Еспаева Ақтөбе өңіраралық сот сараптамалары орталығы мен Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының қызметкерлерімен кездесіп, оның барысында депутаттар Парламент қабылдаған заңдар туралы, Қазақстан Республикасының кейбір кодекстеріне енгізілген түзетулер жөнінде баяндап берді. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлікті дамыту және жеке бизнес міндеттерін шешу жолдары талқыланды.

 

Кездесу кезінде қатысушылар тарапынан халық қалаулыларына санитариялық-эпидемиологиялық орталық пен сот сараптамалары орталығының қызметіне тікелей қатысты түрлі сұрақтар қойылды. Сонымен қатар, Ақтөбе өңіраралық сот сараптамалары орталығының директоры Шарипова Н.И. Ақтөбе қаласында өңіраралық сот сараптамалары орталығының ашылғаны туралы ақпарат берді және мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру мәселесі қозғалды.