-A A +A

2017 жылдың 2 жартыжылдықтың Ақтөбе облысы Әділет департаменті мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы жүргізілді

        Әділет органдарындағы сыбайлас жемқорлықпен күрестің бірден-бір тиімді жолдарының бірі ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау болып табылады. Оның нәтижесі әділет органдары жүйесіндегі лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлықты тудыратын кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік береді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылдың 19 қазанындағы Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, Ақтөбе облысы Әділет департаментінің 2017 жылдың 29 қарашасындағы №505 бұйрығы негізінде, жұмыс тобы құрылды және Департамент бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Ішкі талдау нәтижесі Департамент қызметінде атқару өндірісі бағыттары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болу мүмкіндіктерін болжайды.

         Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің қорытындысы бойынша, Департамент басшысымен атқару өндірісін есепке алу және бақылау бөліміне, ҚР Әділет министрлігіне «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» ҚР Заңына өзгертулер енгізу бойынша ұсыныс жолдауға тапсырма берілді.

 

 

Ұйымдастыру-талдау жұмысы бөлімі