-A A +A

Жаңалықтар

Заңның өзгерістері

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17.04. N2198 «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңының 16 бабына сәйкес, заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылуын мемлекеттік тiркеуге өзгерістер енгізілген.

Қазақстанда Нотариатқа 20 жыл

          15.07.2017 жылы Ақтөбе облысы әділет Департаментінің ғимаратында Қазақстанда нотариат 20-жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Кез келген елдің мемлекеттің және құқықтық жүйесінің даму тарихы нотариат құрамдас бөлігі болып табылады, өйткені нотариустардың функциялары сұранысқа ие және жүзеге асырылады. Өткен  жылдары жеке нотариат  мемлекеттің құқықтық жүйесінің маңызды және азаматтар мен заңды тұлғалардың міндеттерін  орындайтын, құқықтарын қорғау жөнінде  сұранысқа ие болып табылады.

«Әкімшілік құқық бұзушылықтар және статистикалық есептіліктің бұрмалануына жол бермеу» тақырыбында семинар –кеңес өткізілді.

          Ағымдағы жылдың 14 шілдесінде Департамент басшысының орынбасары Ә.Ә.Тасыбаеваның төралығымен, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының аға прокуроры Э.А.Жұмабаеваның және Департамент қызметкерлерінің қатысуымен «Әкімшілік құқық бұзушылықтар және статистикалық есептіліктің бұрмалануына жол бермеу» тақырыбында семинар – кеңесі өткізілді.

Ақтөбе облысы Әділет департаментінде "Ашық есік күні" өткізілді

       Ағымдағы жылдың 31-ші қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің №9-3-18/И-628 тапсырмасын орындау үшін, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтарға кеңес және тегін заң көмегін көрсету мақсатында, Ақтөбе облысы Әділет департаменті 13 шілде күні  тікелей эфир инстаграм желісі zello.aktobe аккаунты  бойынша «Ашық есік күні» атты акциясын өткізді.Осы акцияға жеке нотариус, адвокат, сот орындаушылары, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу, жылжымайтын мүлік құқығы және заңды тұлғалар саласында Әділет департаментінің қызметкерлері қатыс

Ақтөбе облысы бойынша сот сараптамалары институтында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттарымен кездесу болды.

    Ақтөбе облысы бойынша сот сараптамалары институтында (әрі қарай ССИ) ағымды жылдын 11 шілдесінде Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары Г.А.Щегельский, Қ.Ә.Каракен, А.А. Смагуловтын ССИ –ның қызметкерлерімен кездесуі болды.

    Кездесу барысында депутаттар экология және табиғатты ұтымды пайдалану аймағында ҚР Парламент Мәжілісі қызметін айқындап айтып берді. Сол сияқты, депутаттар күшіне енген медициналық сақтандыру заңы бойынша түсінік берді.

Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу туралы

Ақтөбе облысының Әділет департаменті, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Абай даңғылы, 17,  анықтама үшін телефон: 8 (7132) 56 83 48, электрондық мекенжай: s.minbaev@adilet.gov.kz  тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу туралы  жариялайды.

Жеке сот орындаушыларының қызметіне ақы төлеу!

Ақтөбе облысы Әділет департаменті, «Ұлт жоспарының» 27-қадамына сәйкес, жеке сот орындаушыларының санының көбейтіліп және мемлекеттік сот орындаушылары қызметінің кезеңмен қысқартылып жатырғандығын хабарлайды.

Жеке сот орындаушыларымен атқару құжаттарының орындалуы өтемақылы сипатта және өз қызметіне төлем төлеуді қарастырады.

Ақтөбе облысы Әділет департаменті және оның құрылымдық бөлімшелері қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша жүргізілген корытынды анықтамасы

      Әділет органдарындағы сыбайлас жемқорлықпен күрестің бірден-бір тиімді жолдарының бірі ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау болып табылады. Оның нәтижесі әділет органдары жүйесіндегі лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлықты тудыратын кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік береді.

2017 жылдың 2 тоқсаны бойынша Әділет департаментімен тіркелген Ақтөбе облысының жергілікті мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің тізілімі

 

 

НҚА реквизиттері

 

НҚА атауы

Әділет органдарында тіркелген күні

Мемлекеттік тіркеу нөмірі

Ақтөбе облысында нотариаттық қызметпен айналысу құқығына кезекті аттестаттау өткізілді

Ағымдағы жылдың 29 маусым айында Аттестаттау  Әділет департаментінің ғимаратында арнайы жабдықталған кабинетінде, нотариаттық қызметпен айналысу құқығына атестаттау өткізілді. Аттестаттаудан өтуге 5 үміткер шақырылды. Отырыстың басталуына дейін үміткерлерге аттестаттау туралы хабарландыру уақыты, күні және орыны туралы пошта арқылы 10-12 күн бұрын  жіберілді.

Ақтөбе облысында адвокаттық қызметпен айналысу құқығына кезекті аттестаттау өткізілді

Ағымдағы жылдың 30 маусым айында Аттестаттау  Әділет департаментінің ғимаратында арнайы жабдықталған кабинетінде, адвокаттық қызметпен айналысу құқығына атестаттау өткізілді. Аттестаттаудан өтуге 4 үміткер шақырылды. Отырыстың басталуына дейін үміткерлерге аттестаттау туралы хабарландыру уақыты, күні және орыны туралы пошта арқылы 10-12 күн бұрын  жіберілді.

«Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының жолын кесу және алдын алу» бойынша семинар өткізілді

  

Ағымдағы жылдың 29 маусымында Ақтөбе облысы Әділет Департаментінің ғимаратында «Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының жолын кесу және алдын алу» бойынша семинар өтті.

Шетел азаматынан алимент өндіру!

Алименттік міндеттемелер неке-отбасы заңнамаларымен, жекелей алғанда 26.12.2011 жылы қабылданған ҚР «Неке және отбасы» кодексімен регламенттелген.

 Неке-отбасылық құқық сотта азаматтық сот өндірісі ережесімен қорғалады. Осы Кодексте көзделген жағдайларда неке-отбасылық құқықтарды қорғау өз құзыреті шегінде және заңда көрсетілген тәртіпте мемлекеттік органдармен жүзеге асырылады.

Пресс-релиз

           28 маусым 2017 жылы «Алимент.Төлемеуге қарсы 30 қадам» жобасын, сондай-ақ әділет, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрілігі арасында бекітілген «Алимент бойынша уш айдан астам берешегі бар тұлталарды еңбекпен камту мәселесі бойынша өзара ic-кимыл тәртібін бекіту туралы» 07.06.2017 жылғы №689 және №153 бірлескен бұйрығын орындау мақсатында Департамент ғимаратында «Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту орталығы» ММ-нің өкілі мен облыстың жеке сот орындаушыларымен бірлескен жиналысы өткізілді.

Дөңгелек үстел

   Ағымдағы жылдың 14 маусымында Хромтау аудандық Әділет  басқармасы ауылдық округтер әкімдерімен және жергілікті атқарушы органдарының өкілдерінің қатысуымен «Нормативтік құқықтық актілер»    тақырыбында  «Дөңгелек үстел» отырысын өткізді.

Беттер