-A A +A

Әділет департаменті басшының орынбасары

 

Тасыбаева Алия Анесқызы - Ақтөбе облысы Әділет департаменті басшының орынбасары. 1980 жылдың 29 мамырында Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары заңгерлік, Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген. Өзінің еңбек қызметін 2001 жылы Ақтөбе кооперативтік колледж құқықтану пәнін оқытушы ретінде бастады. 2002 жылдың желтоқсан айынан 2006 жылдың мамыр айына дейін Ақтөбе облысының Әділет Департаментінің заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің бас маманы қызметін атқарды. 2006-2012 жылдары жеке ұйымдарда әр түрлі қызметтерінде жұмыс істеген. 2012 жылдың қазан айынан Ақтөбе қалалық Әділет басқармасының АХАЖ бөлімінің бас маманы ретінде жалғастырды. 2012ж. қараша айынан бастап Ақтөбе қалалық Әділет басқармасының орынбасары болып   тағайындалды. 2014 жылдың қараша айында Ақтөбе қалалық Әділет басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Қазіргі таңда Ақтөбе облысының Әділет Департаменті басшысының орынбасары ретінде өз қызметін атқаруда.

Азаматтарды қабылдау күні: күн сайын 15.00 ден – 17.00 ге дейін

 

 

 

Мақсат Қайратұлы Сатыбалдин – Ақтөбе облысы Әділет департаментінің басшысының орынбасары. 1983 жылдың 01 сәуірде Шығыс-Қазақстан облысының Өскемен қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2004 жылы заңгер мамандығы бойынша С.Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан Мемлекеттік университетін бітірген. Запастағы аға лейтенант жауынгерлік атағына ие. Өзінің еңбек қызметін 2002 жылы ШҚО адвокаттар алқасында тағылымдамадан өтуші ретінде бастады. 2005 жылдың наурыз айынан шілде айына дейін Өскемен АҚБ-і бастығының қаржы-техникалық сұрақтары бойынша көмекшісі, 2005 жылдың шілдесінен 2006 жылдың мамырына дейін ШҚО Әділет департаментінің Глубоковский ауданының Әділет басқармасының бас маманы ретінде, 2006-2007 жылдар аралығында ШҚО Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің бас маманы қызметін атқарды. 2007 жылдың мамыр айынан 2015 жылдың қазан айына дейін қызметтік жолын ҚР Әділет Министрлігінде жалғастырды. Қазіргі таңда Ақтөбе облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары ретінде өз қызметін атқаруда. Әділет министрінің «III  дәрежелі заңгер» төсбелгісімен марапатталған.  Үйленген, жұбайымен екі баласын тәрбиелеуде.

Азаматтарды қабылдау күні: күн сайын 15:00 ден – 17:00 ге дейін

 

Азамат Өмірбекұлы Бердыбеков – Ақтөбе облысы Әділет департаментінің басшысының орынбасары. 1986 жылдың 17 желтоқсанында Оңтүстік-Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2011 жылы заңгер мамандығы бойынша Алматы гуманитарлы-техникалық университетін бітірген. Өзінің еңбек қызметін 2009 жылы Алматы қаласы Бостандық ауданының сотында жетекші маман ретінде бастады. 2010 жылдың сәуір айынан бастап Жетісу аумақтық учаскесінің бас маманы-сот орындаушысы болып, 2013 жылдың қаңтарынан 2014 жылдың маусымына дейін Алматы қаласы аумақтық учаскесінің мемлекеттік сот орындаушысы ретінде, 2014-2015 жылдар аралығында Алмалы ауданының аумақтық учаскесінің басшысы – аға сот орындаушысы қызметін атқарды. 2015 жылдың маусым айынан 2015 жылдың қыркүйек айына дейін қызметтік жолын Алматы қаласының Соттардағы инфраструктураны дамыту және қамтамасыз ету бөлімінің басшысы болып жалғастырды. 2015 жылдың қыркүйек айынан 2016 жылдың қаңтар айы аралығында Алматы қалалық сотының кеңсесі басшысының орынбасары қызметінде еңбек етті. 2016 жылдың қаңтар айында Алматы қаласы бойынша Соттар әкімшісі басшысының орынбасары болып тағайындалды.  Қазіргі таңда Ақтөбе облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары ретінде өз қызметін атқаруда.

Үйленген, жұбайымен екі баласын тәрбиелеуде.

 

Азаматтарды қабылдау күні: күн сайын 15:00 ден – 17:00 ге дейін