-A A +A

Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімі

Батырханов Дархан Сұлтанбекұлы, 1990 жылдың  08 тамызында Ақтөбе облысының  Темір ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2013 жылы заңгер мамандығы бойынша Орталық – Қазақстан академиясын  бітірген. Өзінің қызметтік жолын 2012 жылы Ақмола облысы Әділет департаментінің  іс жүргізушісі болып бастаған. 2012 жылдың желтоқсан айы мен 2014 жылдың шілде айы аралығында Ақмола облысы Әділет департаментінің  инспектор болып  жалғастырды. 2014 жылдың шілде айында Ақмола облысы Әділет департаментінің  жетекші маманы болып тағайындалды. 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап 2016 жылдың шілде айына дейін Ақмола облысы Әділет департаментінің бас маманы болып қызмет атқарды.

            2016 жылдың шілде айынан 2017 жылдың қаңтар айына дейін Ақтөбе облысы Әділет департаментінің бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы болып еңбек етті.

Қазіргі таңда Ақтөбе облысы Әділет департаментінің  нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің басшысы болып табылады.

 

Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің негізгі міндеттері:

-Қазақстан Республикасының заңнамасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес заңгерлік экспертизаны жүргізу және азаматтардың міндеттері, бостандығы және құқықтарына қатысты, жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін тіркеуді жүргізу;

- нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік электрондық және журналдық тізілімін жүргізу;

- Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу туралы заңнаманы орындау тексерісін жүргізу;

- Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу сұрақтары бойынша талдау жұмыстарын жүргізу;

- Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу сұрақтары бойынша әділет департаментінің басқа мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу;

- жер қойнауын пайдалануға жобалардың келісімшарттардың келісілуін өткізу.

Бөлімге жүктелген міндеттерге сәйкес және қызметтің бағыттары жүзеге асырады:

-азаматтардың міндеттері, бостандығы және құқықтарына қатысты, нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу;

-Қазақстан Республикасының әділет министрлігінің тапсырысы бойынша нормативтік құқықтық актілерінің экспертизасы жүргізіледі;

-Басылымға шығып тіркелген нормативтік құқықтық актілер бойынша нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу туралы заңнаманы орындау тексерісін жүзеге асырады;

-әкімшілік жұмыстарды жүргізу;

-бөлімнің құзыретіне кіретін, ведомствоаралық координация және сұрақтар бойынша бақылау;